Текст
15.09.2026

"Кітап оқитын ұлт-кітап оқитын әулет" Кітап - адамзаттың рухани қазынасы, білім мен тәрбиенің қайнар көзі. Кітап оқуға деген сүйіспеншілік отбасынан басталып, мектепте жалғасады. «Кітап оқитын ұлт - кітап оқитын әулет» тақырыбының негізгі мақсаты оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, отбасылық оқу мәдениетін қалыптастыру және кітаптың адам өміріндегі маңызын насихаттау. Отбасында бірге кітап оқу -баланың ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, оның сөздік қорын молайтып, дүниетанымын қалыптастырады. Ата-ананың кітап оқуға деген үлгісі баланың оқу
дағдысына тікелей әсер етеді.