Текст
22.10.2026

Мектепалды даярлық сыныбында «Күз бояулары» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Балалар алтын күздің ғажайып әлеміне саяхат жасап, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Шағын бүлдіршіндер қызығушылықпен, қиялға ерік бере отырып, күз тақырыбында әсем туындылар жасады. Сабақ балалардың шығармашылығын шыңдап, шабыт пен қуанышқа толы ерекше мерекеге айналды!