13.10.2026

12 қазан күні мектебімізде педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, заманауи сабақ жоспарлау шеберлігін жетілдіру және озық тәжірибелермен бөлісу мақсатында бекітілген мектепішілік жұмыс жоспарына сәйкес «ҚМЖ жасау – кәсіби шеберлік формуласы» атты байқау өз мәресіне жетті. Байқау шарты мен талаптарын жоғары деңгейде орындап, үздік жоба ұсынған әріптестеріміз арнайы дипломдармен марапатталды:
І дәрежелі диплом: Жанасқызы Ботагоз, тарих пәні мұғалімі
ІІ дәрежелі диплом: Жумабаева Айжан Мукановна, химия пәні мұғалімі
ІІІ дәрежелі диплом: Мотекей Сайран, бастауыш сынып мұғалімі
Озық тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған бұл байқау ұстаздардың кәсіби өсуіне тың серпін берді. Барлық қатысушыларға алғыс айта отырып, шығармашылық табыс тілейміз!