14.10.2026

Республика күні – еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігін айқындайтын, халқымыз үшін маңызы зор ұлттық мереке. Осы мерекеге орай мектеп кітапханасында оқушылардың қатысуымен танымдық кітапхана сағаты ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар арасында Республика күніне арналған викторина өткізіліп, олардың Қазақстан Республикасының тарихы, мемлекеттік рәміздері, ел тәуелсіздігі мен ұлттық құндылықтар туралы білімдері тексерілді. Викторина сұрақтарына жауап беру арқылы оқушылар өз білімдерін ортаға салып, тарихи танымдарын кеңейтті.
Сонымен қатар мерекеге орай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге еліміздің тарихы, тәуелсіздік жолы, Қазақстанның жетістіктері мен көрнекті тұлғалары туралы кітаптар қойылды. Оқушылар ұсынылған әдебиеттермен танысып, ел тарихы мен ұлттық мұрамыз жөнінде мағлұмат алды.