Текст
19.10.2026

«Еркін елдің – еңсесі биік» атты мәнерлеп оқу сайысында оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру және көркем сөз оқу шеберлігін дамыту мақсатында мектебімізде «Еркін елдің – еңсесі биік» атты мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды.
Еркіндік – елдің ең қымбат қазынасы, тәуелсіздік – ұлттың асыл арманы мен ұрпаққа аманат еткен ұлы мұрасы. Азат елдің айбынын асқақтатып, туған жердің қадір-қасиетін ұғындыруды көздеген сайыс барысында оқушылар Отан, туған жер, тәуелсіздік, ел бірлігі мен бейбітшілік тақырыптарындағы өлеңдерді нақышына келтіре оқып, өз өнерлерін ортаға салды.